Құрметті ҮЕҰ өкілдері!

Оңтүстік облыстар: Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстары, Шымкент және Түркістан.

Республиканың батыс облыстары: Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе облыстары

Бүгін сізде «ҮЕҰ АКАДЕМИЯСЫ» жобасы аясында «Оңтүстік Қазақстан және Батыс өңірлеріндегі Қазақстанның ҮЕҰ-ын институционалдық дамыту мен нығайтудың негізгі бағдарламасы» курсында ұйымдық тиімділікті арттыруға, ұйымыңыздың ұйымдастырушылық әлеуетін арттыруға бірегей мүмкіндігіңіз бар.  

2024 жылға арналған оқу бағдарламасы 5 бағыттан тұрады:

  • Ұйымдастырушылық-институционалдық даму – 7 тақырып, 48 академиялық сағат
  • Жобалық менеджмент  – 6 тақырып, 56 сағат
  • Қаржы менеджменті – 6 тақырып, 54 академиялық сағат
  • Бағдарламалық менеджмент – 1 тақырып  6 сағат
  • Фандрейзинг  – 1 тақырып 6 сағат
  • Тренингтер гибридті форматта – онлайн/офлайн, өздігінен білім алуға арналған мобильді қосымша арқылы қашықтан өткізіледі. Барлық бейне сабақтар мен оқу материалдары курс парақшасына  жүктеледі.

Коучинг тобына Қазақстан мен Орталық Азияның сарапшылары мен жетекші мамандары кірді!!!

Біздің команда жоғарыда аталған 5 бағыт бойынша жетекші сарапшылардан қонақ дәрістерін өткізеді!!!

Бұл бағдарламаға қатысу үшін сілтеме арқылы тіркеліп, қызығушылық формасын толтыру қажет.

Барлық ҮЕҰ өкілдері үшін оқыту ТЕГІН!!!

Тренинг соңында толық оқу курсы тақырыптарының кемінде 85%-ын аяқтаған қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Анықтама үшін: 7 701 362 36 12