ҚҰРМЕТТІ ҮЕҰ ӨКІЛДЕРІ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРІ!

Сіздерді “ҮЕҰ АКАДЕМИЯ ЖОБАСЫ” аясында Өрелі Ұрпақ» әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінде оқуға және әлеуметтік идеялар байқауына қатысуға шақырамыз!

2024 жылға арналған оқу бағдарламасы 5 модульден тұрады:

  • Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік кәсіпкерлік (бастамалар, жағдайлар, тәжірибе)
  • Қазақстанда және әлемде әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау шаралары
  • Шығармашылық ойлау және әлеуметтік инновация
  • Әлеуметтік бизнестің қаржылық аспектілері
  • Әлеуметтік кәсіпорынды басқару

Оқыту гибридті форматта – онлайн/офлайн, өздігінен оқуға арналған мобильді қосымша арқылы қашықтан жүргізіледі. Барлық оқу материалдары курс парақшасына жүктеледі.

Коучинг тобына әлеуметтік кәсіпкерлік пен ҮЕҰ саласындағы үздік сарапшылар мен жетекші мамандар кірді. Үздік әлеуметтік жобалар сараптамалық бағалаудан өтіп, «Әлеуметтік идеялар» байқауында ұсынылатын болады.

Бұл бағдарламаға қатысу үшін мына сілтеме арқылы тіркелу керек :

Қатысушылар үшін тренинг тегін !

Соңында толық курстың кемінде 85%-ын бітірген қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Анықтама үшін: 7 701 730 54 11 (WhatsApp-тағы хабарлама)