Тамыз бойы “Өрелі ұрпақ” әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі аясында қатысушылардың әлеуметтік жобалары бойынша менторлық консультациялар өткізілуде. Жақында олар өз жобаларын әлеуметтік идеялар байқауына ұсынады. Қазір ментимен танысайық.

Менти – Аспамбетова Фариза, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, “Тілек” әйелдерге арналған қоғамдық қоры, @fariza_jamanbai_

Қазір қор жұмысы аясында мүмкіндігі шектеулі балалары бар аналарды қолдау, аналарға психологиялық және заңгерлік кеңес беру, олардың құқықтық мәселелер бойынша білім деңгейін арттыру бойынша жоба іске асырылуда. Маңғыстауда Азаматтық альянстаң грант ұтып алып, сол грантка ұсынған жоба бойынша жұмыс жасалып жатыр. Жобаның негізгі идеясы – әйелдердің шешім қабылдау процесіне қатысу құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту.

Менти – Алатау Қарлығаш, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, “Талдықорған аймақтық әйелдерді қолдау орталығы” ҚБ, @alatau.k.t

“Талдықорған аумақтық әйелдерді қолдау орталығы” қоғамдық бірлестігінің миссиясы – Жетісу облысының әйелдері мен балаларына құқықтық, әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсету, олардың азаматтық ұстанымдарын жандандыру және қоғамның әйелдер жағдайына деген көзқарасын өзгертуге ықпал ету. Қоғамдық бірлестіктің қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасының алдын алу, қоғамда зорлық-зомбылық мәдениетін қалыптастыру, гендерлік саясат мәселелерін реттейтін заңнамалық және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, заңгерлік және психологиялық консультациялар беру, оңалту бағдарламалары және т. б. мәселелермен айналысады.