ҚҰРМЕТТІ ҮЕҰ ӨКІЛДЕРІ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРІ!

Сіздерді «ҮЕҰ АКАДЕМИЯСЫ жобасы аясында ҮЕҰ және әлеуметтік бизнес өкілдеріне арналған Көшбасшылық мектебіне қатысуға шақырамыз! Мектебімізде бірінші кезекте көшбасшылықты дамытуға, насихаттауға көңіл бөлеміз, сонымен қатар ҮЕҰ көшбасшысының қалыптасуына үлес қосамыз.

2024 жылға арналған оқу бағдарламасы 8 модульден тұрады:

  • Әлеуметтік франчайзинг;
  • ҮЕҰ үшін қаржылық менеджмент;
  • Дизайндық ойлау;
  • Көшбасшылық даму факторы ретінде;
  • Зияттық меншік;
  • Цифрлық трансформация ;
  • ҮЕҰ үшін GR ;
  • ҮЕҰ PR және брендинг.

Оқыту гибридті форматта – онлайн/ офлайн, қашықтан өздігінен білім алуға арналған мобильді қосымша арқылы екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі . Барлық оқу материалдары курс бетіне жүктеледі.

Коучинг тобына әлеуметтік кәсіпкерлік пен ҮЕҰ саласындағы үздік сарапшылар мен жетекші мамандар кірді. Біздің мектепті аяқтай отырып, сіз тек көшбасшылық емес, сонымен қатар ұйымыңызды тиімді басқару дағдыларына ие боласыз.

Бұл бағдарламаға қатысу үшін мына сілтеме арқылы тіркелу керек :

Қатысушылар үшін тренинг тегін!

Оқыту бағдарламасы аяқталғаннан кейін толық оқу курсының кемінде  85%-ын аяқтаған қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Анықтама үшін: +7 707 429 74 42 (WhatsApp-тағы хабарлама)