Бұл жолы жобаға 170-тен астам адам қатысқан.
Енді олардың арасынан 16 жоба іріктеліп алынып, үшеуіне қаржылай қолдау көрсетілетін болады. Үздік үштікке ілінгендерін сарапшылар тобы таңдайтын болады. Бұл жобалардың қатарында Арт-терапия, ауыл жастарына арналған иппотерапия сынды әлеуметтік жобалар бар. Жалпы «Өрелі ұрпақ» әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің жұмыс істеп жатқанына 3 жыл уақыт өткен. Осы аралықта 500-ден астам үкіметтік емес ұйымның өкілдері оқып үлгерген екен.
Арман Ақбердиев, бизнес тәлімгер:
– Әлеуметтік кәсіпкерлер үкіметтен беріліп жатқан 5 млн грантқа қатысуға мүмкіндік бар. Тағы 10 млн-дық гранттар ашылып жатыр және қаржылық көмектер, кредиттер сол жобалардың барлығына қатысуға мүмкіндіктері бар.
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/601997-reli-rpa-leumettik-k-sipkerlik-mektebini-o-ytu-kurstary-aya-taldy
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz