Алматыда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қолдауымен «ҮЕҰ академиясы» жобасы аясында Қазақстандағы ҮЕҰ белсенді өкілдеріне арналған «Жетілдірілген» қосымша оқу курсы басталды. Шеберлік сабағын белгілі бизнес-тренер Ғалым Жукупбаев «Команда құру және корпоративтік мінез-құлық» тақырыбында өткізді.
0