Құрметт достар мен әріптестер!

2024 жылғы 23 шілдеде Астанада Қазақстанның Азаматтық альянсы көшбасшыларының отырысында «Азаматтық бастама орталығы» ҮЕҰ «ҮЕҰ академиясы» елдік жобасы аясында азаматтық қоғамды дамыту саласындағы жетекші қазақстандық мамандардың қатысуымен оқыту семинарлары (тренингтер) өтеді.

Осы танымдық шараға қатысуға Қазақстанның Азаматтық альянсының жетекшілері мен өкілдерін шақырамыз. Тренингке қатысу тегін және офлайн режимінде өтеді.

         Семинар тренинг келесі тақырыптар бойынша өтеді:

1.       Agile негізінде ҮЕҰ жобаларын басқару.

2.       Жаңа ойлау формуласы

       Семинар-тренингке қатысу үшін, алдымен 2024 жылдың 20 шілдесіне дейін біздің сайтта тіркелу қажет. Тіркелгеннен кейін алдағы уақытта     ҮЕҰ Академиясында толық курстан өтуге және барлық оқу материалдарына қол жеткізуге мүмкіндігіне ие боласыз.

Курс аяқталғаннан кейін қатысушылар сертификат алады.

Барлық сұрақтар бойынша төменгі нөмерге хабарласа аласыз:

+7 701 808 9798, үйлестіруші Нұрлан Мәуленов