28 маусымда “Өрелі ұрпақ” жазғы әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі аясында екінші лек қазақ тілінде өтетін сабақтары басталады. Курстар @cisc_official қолдауымен ҮЕҰ академиясының жобасы аясында @aiu_astana базасында өткізіледі.

Бағдарлама шеңберінде оқыту ұзақтығы 5 аптаны, тыңдаушылар Google сыныпта орындайтын онлайн лекция (тренингтер) 45 сағатты және 30 практикалық тапсырманы құрайды.

“Өрелі ұрпақ” Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің бағдарламасы келесі бағыттар бойынша курстарды оқытуды қамтиды:
– стратегиялық ойлау
– тиімді басқару дағдылары
– әлеуметтік маркетинг
– қаржылық сауаттылық
– бизнес-жоспар\бизнес-модель құру.

Қазір оқытудың екінші легі жасақталуда. Барлық сабақтар ТЕГІН өткізіледі!