ҚҰРМЕТТІ ҚАТЫСУШЫ!
Астана халықаралық университеті Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп сіздерді «ӨРЕЛІ ҰРПАҚ» әлеуметтік кәсіпкерлік онлайн мектебіне қатысуға шақырады!
Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне арналған әлеуметтік кәсіпкерлік онлайн мектебі “ҮЕҰ Академиясы” жобасы шеңберінде азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен іске асырылуда.
Бағдарлама келесі бағыттар бойынша біліктілікті арттыруды қамтиды: “Әлеуметтік кәсіпкерліктің құқықтық негіздері”, “Әлеуметтік жобаны басқару”, “Әлеуметтік бизнестің қаржылық тұрақтылығы”, “Әлеуметтік бизнестегі көшбасшылық”, “Әлеуметтік бизнесті жүргізу”.
Сізді қызықты тренингтер, жаңа және пайдалы білім мен дағдылар, әлеуметтік жобалар конкурсы арқылы үздік идеяларды пысықтау, тегін және ыңғайлы оқыту, пікірлестер қауымдастығы және жобаларды менторлық қолдау күтеді!
Әлеуметтік кәсіпкерлік онлайн мектебіне қатысу үшін келесі мәліметтерді толтыруды сұраймыз: