ҮЕҰ академиясы жаңа білім беру бағдарламасын – ТОТ жаттықтырушыларға арналған тренингті іске қосады.

Бағдарлама азаматтық сектордың сертификатталған жаттықтырушыларын даярлауға бағытталған.

Қатысуға қалай өтініш беруге болады?

1.Өзіңіздің парақшаңызға бейне визиткаңызды жариялау. Видеода сіз өзіңіз туралы (аты-жөніңіз, жұмыс орныңыз), бағдарламаға қатысу мақсатыңызды, ҮЕҰ-ны оқыту үшін қандай бағдарлама өткізуді жоспарлап отырғаныңызды, тренингтер өткізу тілі, неліктен бағдарламаға дәл сіз қатысуыңыз керек екеніңізді айтуыңыз қажет.
2. Біздің @academy_npo парақшамызды белгілеу.
3. Бейне хронометражы – 1 мин
4. Өтініш қабылдау кезінде аккаунтыңыз ашық болуы керек.
5. vigovskaya@kazmediation.kz электрондық поштасына:
* сапасы жақсы фото,
* қысқаша түйіндеме жіберу

Сіз бағдарламадан не аласыз:
?өз бағдарламаңыздың әзірленген дизайны,
?білім беру бағдарламаларын әзірлеу әдістемесі,
?оқытуда қолданылатын құралдар,
?өз бағдарламаңызды әзірлеу және тестілеу кезеңінде ментор-коучтерден толық сүйемелдеу,
?жаттықтырушы мамандығын алу мүмкіндігі,
?топтармен жұмыс істеу дағдылары.