Қоғамдық бірлестік-ортақ мақсаттарды іске асыру үшін мүдделердің ортақтығы негізінде біріккен азаматтардың бастамасы бойынша құрылған ерікті, өзін-өзі басқаратын, коммерциялық емес құралым.
?Артықшылықтары
а) мүшелікке негізделген азаматтарды біріктіру нысаны. Ұйымға мүшелікке кірудің және одан шығудың қарапайым тәртібі.
б) ұйымды басқарудың демократиялық сипаты.
в) ұйымның міндеттемелері бойынша мүшелердің жеке жауапкершілігі болмайды.
г) мемлекеттік тіркеу аяқталған сәттен бастап ҚР СК 134-бабы бойынша өтеусіз алынған кірістерге салық төлемеуге мүмкіндік беретін КЕҰ салық мәртебесі.
д) кем дегенде бір облыстың немесе Республикалық маңызы бар қаланың аумағында жұмыс істейтін жергілікті ұйымды құрудың оңайлығы.
е) ұйым ішіндегі басқару және шешім қабылдау жүйесінің қарапайымдылығы мен түсініктілігі.
ж) КЕҰ-ның барлық ұйымдық-құқықтық нысандарындағы қоғамдық бірлестіктерге ғана митингілер, пикеттер, шерулер және демонстрациялар өткізуге өтінімдер беру құқығы берілді.
?Кемшіліктері
а) барлық негізгі шешімдерді ұжым арқылы қабылдау.
б) азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар – қоғамдық бірлестіктер ғана қоғамдық бірлестіктің мүшелері бола алады.
в) басшылық жіберген бұзушылықтар бойынша ұйым мүшелері үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген.
г) қоғамдық бірлестіктердің қызметін аумақтар бойынша шектеу.
д) егер құрылтайшылар қызметін белгілі бір аумақпен шектегісі келмесе, онда оларға республикалық мәртебесі бар қоғамдық бірлестікті тіркеу нұсқасын қарастыруы жөн.
е) қоғамдық бірлестікті құру үшін бастамашы – азаматтардың саны жеткілікті деңгейде көп болуы қажет.
ж) барлық бастамашылар қоғамдық бірлестікті тіркеу кезінде ҚР56 азаматтығына ие болуы тиіс.
з) қоғамдық бірлестік мүшелерінің саны заңда белгіленген ең төменгі деңгейден (10 адам) төмен түсетін жағдайға қатысты заңнамалық реттеу де, жүйелі құқық қолдану практикасы да жоқ.
и) қоғамдық бірлестіктер әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Бұл талапты іс жүзінде жүзеге асыру ұйым үшін қосымша шығындарға және оның қызметкерлері үшін уақытты ысырап етуге әкелуі соғуы мүмкін.