?Мекеме – басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де функцияларды жүзеге асыру үшін оның құрылтайшысы тарапынан құрылған және қаржыландырылатын ұйым.

?Жеке меншік мекеме – басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де функцияларды жүзеге асыру үшін жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар құрған, мемлекеттік құрылымның бөлігіне жатпайтын ұйым.

?Қоғамдық бірлестік – азаматтардың белгілі бір ортақ мақсаттарға қол жеткізу мақсатында ерікті түрде бірігуі нәтижесінде құрылған ұйым.

?Қор – азаматтар және (немесе) заңды тұлғалардың ерікті мүліктік жарналары негізінде құрылған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де мақсаттарды көздейтін, КЕҰ мүшелігі жоқ ұйым.

?Тұтыну кооперативі – қатысушылардың материалдық және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мүшелік негізінде азаматтардың ерікті бірлестігі.

?Діни бірлестік – рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін өз мүдделерінің ортақтығы негізінде біріккен азаматтардың ерікті бірлестігі.

?Коммерциялық емес акционерлік қоғам – өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын, кірістері тек қана қоғамды дамытуға пайдаланылатын заңды тұлға.