Бізге “ҮЕҰ академиясында” оқуға қатысты түрлі сұрақтар келіп түсуде. Бүгін біз ең жиі қойылатын сұрақтарға жауап беруге тырысамыз.
?Мен қайда жазыла аламын?
ҮЕҰ академиясы бағдарламасының екі бағыты бар – “Өрелі ұрпақ” әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі және ҮЕҰ өкілдеріне арналған жалпы білім беру бағдарламасы. Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде тіркелу сілтемелері бар.
?Мен сіздің курстарыңызға әлі де жазыла аламын ба?
Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің бірінші легі қалыптасып үлгерді, ал 28 маусымда екінші лек қазақ тілінде басталады.
Жалпы білім беру бағдарламасының модульдеріне оқу кестесіне сәйкес жазылуға болады.
?Сабақтар қалай өтеді?
Барлық сабақтар ZOOM платформасында онлайн режимінде өтеді. Жазбалар YouTube-тегі біздің арнамыздағы сілтеме арқылы қол жетімді.
?Неліктен маған хат келмеді?
Біз әр қатысушыға хабарлама хат жібереміз. Егер ол келмесе, сіздің поштаңыз дұрыс жазылмаған немесе хат спамға түсіп кетуі мүмкін. Егер сіз хатты таба алмасаңыз, бізге жеке хабарлама жазыңыз.
Егер сізде сұрақтар туындаса, комментарийде жазып қалдыра аласыз.