Менің атым Елена Дакебаева. 21 жыл коммерциялық емес сектор саласында жұмыс істедім. Мен ҮЕҰ институционалдық дамыту және ресурстарды жұмылдыру бойынша сарапшы әрі жаттықтырушымын.

Мен Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Ай қозғалысында негізгі жұмыс тәжірибесін алдым, волонтерліктен бас директорға дейінгі жолдан өттім. Бүгін мен “SmartCharity” қорының құрылтайшысы және басшысымын.

Сізді өзімнің “Есептілік жазу” атты курсыма шақырғым келеді. Бұл курстың маңыздылығы – бұл сіздің имиджіңізді арттыру, ҮЕҰ үшін ресурстарды тарту, қызметкерлер мен волонтерлерді тарту құралы. Осының барлығы туралы сіз біздің курста білетін боласыз.

2 тамызда ҮЕҰ академиясына оқуға келіңіз. Мен сол жерде Сізді күтіп, өз білімім мен тәжірибелеріммен бөлісетін боламын.