“Шығыс әйелдері қауымдастығы”ҚБ Ақтөбе филиалының еріктісі.
2001 – бүгінгі күнге дейін Ақтөбе қаласындағы “Ақтөбе қаласының әйелдерді қолдау орталығы” бірінші әйелдер қоғамдық бірлестігінің басшысы, оның мақсаты-әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, өмірлік қиын жағдайда көмек көрсету.
2002 жылы орталық базасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балаларға арналған “ҮМІТ” дағдарыс орталығы құрылды.
2006 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияда “әйелдер құқығы және зорлық-зомбылықтан қорғау” секциясын басқарады.
Ақтөбе қаласындағы “қанатты айел-ІІ” Ұлттық идеялар мен тауарлар жәрмеңкесінің қатысушысы және жеңімпазы.
Алғыс хаттармен марапатталған:
ҚР Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның 2007 ж.;
Ақтөбе қаласының әкімі 2006 ж.;
ҚР Мәжілісінің депутаты А. С. Соловьева 2011 ж.;
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 ж.;
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 ж.;
2011 жылы “ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл” мерейтойлық медалімен марапатталған.;
Адам құқықтарын қорғау бойынша сіңірген еңбегі үшін 2009 жылы “Адам құқықтарын қорғау” номинациясында “Таным” республикалық сыйлығымен марапатталды.;
2010 жылы ЕҚЫҰ саммитіне қатысушы ретінде Ақтөбе облысын таныстырды.