?Мемлекеттік донорлар – өз мемлекетінің бюджетінен қаражат алатын мемлекеттік мекемелер (халықаралық даму агенттігі (USAID), АҚШ ақпарат агенттігі (USIA), қоршаған ортаны қорғау агенттігі (EPA).

?Жартылай донорлар-мемлекеттік донорлардан қаражат алатын және оларды өтініш беруші ұйымдарға бөлетін қоғамдық ұйымдар.
(Еуразия қоры (Eurasia Fund), Дүниежүзілік банк (World Bank).

?Жеке донорлар – жеке тұлғалардан немесе коммерциялық компаниялардан қаражат алатын қорлар және коммерциялық емес ұйымдар.

?Жеке қайырымдылық қорлары – тәуелсіз қорлар (Рокфеллер қоры, Сорос қоры), қауымдастырылған қорлар (Xerox Foundation, Apple, Hewlett-Packard), тікелей әрекет ету қорлары және жергілікті қорлар.

?Сондай-ақ, қорлар мен жеке делдал ұйымдар бар.

?Жеке делдал ұйымдардың өз қаражаты жоқ, тек басқалардың ақшасын үлестіруге көмектеседі (жұртшылықты хабардар ету, өтінімдерді ресімдеуге көмектесу, өтінімдерді бағалау және іріктеу, қаражаттың жұмсалуын бақылау, донорға есептер беру).