Тамыз бойы “Өрелі ұрпақ” әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі аясында қатысушылардың әлеуметтік жобалары бойынша менторлық консультациялар өткізілуде. Жақында олар өз жобаларын әлеуметтік идеялар байқауына ұсынады. Ал қазір біз ментимен танысуды жалғастырамыз.
Менти – Жұмабаева Гузалия, Нұр-сұлтан қ., «Особые праздники» қоғамдық қоры, @osobye_prazdniki_official
Қордың қызметі ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған, көп балалы мәртебесі бар, толық емес отбасы мәртебесі бар отбасыларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, КЕҰ (ҮЕҰ) өкілдеріне, волонтерлік ұйымдардың өкілдеріне бағытталған. Менти идеясы ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдаумен байланысты.
Менти – Интыкбаева Азиза, Павлодар қ., «Дорогою добра» ҮЕҰ.
«Дорогою добра» қорының қызметі мемлекеттік органдар мен қоғамның назарын ЕБА (ерте балалық аутизм) проблемаларына аударуға, балалар аутизмі саласындағы жетекші мамандарды тарта отырып, ЕБА мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, конференциялар ұйымдастыруға, аутист балаларды қолдау үшін қайырымдылық іс – шараларын өткізуге, балалар мен жасөспірімдерді емдеу, түзету және оңалту үшін оңалту орталығының жұмысына, аутизм спектрінің бұзылуынан зардап шегетін жасөспірімдерге, Қазақстанда инклюзивті білім беру тұжырымдамасын қолдау және “Астанада АВА-сынып” жобасын іске асыру және т. б. бағытталған. Ментидің идеясы ерекше мүмкіндіктері бар жасөспірімдерге арналған клубтың ашылуымен байланысты.