Бұл шынымен солай ма?

Статистика комитетінің 2020 жылғы 1 қаңтардағы деректері бойынша 21 222 ҮЕҰ тіркелген, олардың 60%-ы ресми түрде қолданыстағы болып саналады.

Азаматтық қоғам істері комитетінің ресми сайтындағы ҮЕҰ дерекқорына есептілікті тек 5 967 ұйым (28%) тапсырғанына қарағанда, жұмыс істеп тұрған ҮЕҰ нақты пайызы одан да төмен деп пайымдаған жөн, яғни, бұл сараптамалық бағалаудағы белсенді ҮЕҰ үлесіне жақын (20%). Неліктен ҮЕҰ дами алмайды?

“ҮЕҰ Академиясының” командасы ҮЕҰ-ның білім беру қызметтеріне зерттеулер жүргізді. Қызығушылық танытқан әр түрлі ҮЕҰ-ның 168 өкілінен сұхбат алынды
?ҮЕҰ-ды не қызықтырады
?азаматтық секторда қандай проблемалар бар
?әлеуметтік жобаны қаржыландыру көздерін қалай және қайдан табуға болады
?жобаны қалай басқаруға болады
? қалай табысты әлеуметтік кәсіпкер болуға болады

ҮЕҰ-ды дамытудың басты проблемасы – қаржыландыру, оның ішінде өзін-өзі қамтамасыз ету, қаржылық тәуелсіздікке жету, кіріс көздерін әртараптандыру қажеттілігі.

Бұл проблеманы шешу үшін 7 маусымда “Өрелі Ұрпақ” жазғы әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің жұмысы іске қосылады, онда ҮЕҰ өкілдері әлеуметтік кәсіпкерлік негіздерін оқитын болады.