5 мамыр күні әлемдік қоғамдастық Халықаралық мүгедек адамдардың құқықтары үшін күрес күнін атап өтеді.
Бүгінгі күннің мақсаты – қалың жұртшылықтың назарын мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғауға байланысты мәселелерге аударту.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 705 мыңнан астам мүгедек адам тұрады.
Осы жылдар ішінде Қазақстанда не істелді?
?2005 жылдың 13 сәуірінде “ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы” заң қабылданды.
?Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар бекітілді
?Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Халықаралық Конвенциясы іске асырылуда
Мүгедек адамдардың құқықтарын қорғауда үкіметтік емес ұйымдар үлкен рөл атқарады.
ҮЕҰ қызметін талдау олардың сандық өсуін көрсетеді, бұл көбінесе мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, халықаралық және шетелдік ұйымдардың гранттарымен қамтамасыз етіледі.
Қандай проблемалар бар?
?Теріс фактор болып табылатын жалпы маңызы бар әлеуметтік проблемаларды шешу бойынша мемлекет пен азаматтық сектордың өзара іс-қимылына тұжырымдамалық көзқарастың болмауы.
?Халықтың жеткілікті деңгейде хабардар болмауы
?Мүгедектігі бар адамдардың қозғалысы үшін кедергісіз ортаны енгізудегі баяушылық
?Құқықтарды кемсіту
?Сапалы білім мен медициналық көмек алу мүмкіндігінің болмауы
Бұл проблемалар бүгінгі күні де өзекті болып табылады, сондықтан халықты хабардар ету және ел заңнамасына оң өзгерістерді біртіндеп енгізу осы сектордағы ҮЕҰ-ның бірінші кезектегі міндеттері болып табылады.