?Грант дегеніміз не?

Бұл донор коммерциялық емес ұйымға немесе жеке тұлғаға белгілі бір жұмысты орындау үшін өтеусіз беретін қаражат.

?Грант бойынша алынған қаражат қайтарылмайды.

?Грантты қалай алуға болады?

1️⃣нақты саладағы жобаларды қаржыландыратын грант берушілерді табу
2️⃣берілетін гранттардың сипаты, олардың мөлшері, сондай-ақ, нысаналы тобы туралы ақпаратты мұқият зерделеу
3️⃣грант берушінің талаптарына сәйкес өтінім дайындау.

?Қандай құжаттар жинау керек?
▫️Түсіндірме хат (Interest letter) (жобаның (өтініш беруші мен қоғам үшін) мәнін, мақсаттарын, міндеттерін және жобаның маңыздылығын сипаттайды
▫️Өтінім (Application form) (өтінім грант берушінің талаптарына сәйкес толтырылады)
▫️Қосымша материалдар (Additional Materials)

?Не нәрсеге назар аудару керек?
▪️Тұжырымдама
Жобаның қажеттілігін нақты, қысқа, негізделген баяндау қажет.
▪️Проблемаларды, мақсаттар мен міндеттерді тұжырымдау
Жобаның мәні мен мақсаттары түсінікті және қол жетімді түрде баяндалып, сенімді және қысқа түсіндірме түрінде болу қажет
▪️Мәселені зерттеу әдістері
Өзекті мәселені, зерттеу әдістерін және жоба нәтижелерін түсіндіруді көрсету қажет.

Бұл ақпарат сізге пайдалы болды ма?ҮЕҰ академиясы

@cisc_official
#академиянпо#академия_нпо